Құрметті мырзалар,
Осы арқылы Astana International Exchange (бұдан әрі – “AIX” немесе «Биржа») тау-кен өндіру компанияларына арналған Юниорлық бағдарлама (бұдан әрі – тиісінше, «Бағдарлама», «Бағдарламаның ұйымдастырушысы») іске қосылғаны туралы хабарлайды. Бағдарламаның мақсаты – тау-кен компанияларын және/немесе геологиялық барлау компанияларын іріктеп, оларға Astana International Exchange арқылы қаржыландыру алуға көмек көрсету болып табылады. Бағдарламаға қатысуға осы шақыру Қазақстан Республикасында тіркелген және Қазақстан Республикасының Үкіметі жер қойнауын пайдалануға берген лицензиясы (лицензиялары) бар компаниялар үшін ғана ашық.
Бағдарламаның анағұрлым толық сипаттамасын төменнен қарауларыңызға болады. Бағдарламада білікті үміткерлерге қойылатын біздің талаптарымыз, қатысуға өтінім берудің мерзімдері, қатысушыларға хабарлау қалай жүзеге асырылатыны және Сіздің Компанияңыздың акцияларын АІХ-те сәтті листингтеу үшін не істеу керектігі сипатталады. Бұл Бағдарлама айтарлықтай ұзақ кезең бойы жұмыс істейді және осылайша юниорлық тау-кен өндіру компанияларының барынша көбі сәтті қатысуы үшін мүмкіндік ұсынады. Сонымен, бірінші турда іріктеуден өтпей қалған компаниялардың әрқашан келесі раундтарға қатысу мүмкіндігі бар болады.
Юниорлық тау-кен өндіру компанияларына арналған бағдарламаның мақсаты
Қазақстан тау-кен өндірісі бойынша әлемдегі жетекші елдердің бірі болып табылады. Бұл мәртебе тарихи деректермен де, сонымен қатар әлемдік сыныптағы қатты пайдалы қазба кен орындарының бар болуымен де расталады. Алйда, техникалық прогресс пен тау-кен өндірудегі сараптама үнемі нарықтық қатынастармен үндесіп дамымайды. Шын мәнінде жұмыс істейтін нарықтық механизмдер жоқ жағдайында көптеген юниорлық тау-кен өндіру компаниялары өз жобаларына қаржыландыру іздегенде қиындықтарға кезігеді. Капиталдандыру деңгейі бойынша ірі компаниялардан қалыс тұрған көптеген өсіп келе жатқан компаниялар банк кредиттері мен басқа да нарықтық механизмдердің қолжетімсіздігі салдарынан қаржыландыру алуда қиындықтар көреді. Осы орайда Бағдарлама шеңберінде юниорлық компаниялардың АІХ нарығында капитал алуына мүмкіндік беретін жаңа шешім ұсынылады.
Бағдарламаның мақсаты:
А) Барлауға және/немесе өндіруге қолданыстағы лицензиясы бар 5-ке дейін юниорлық компания таңдап алу.
Б) Осы компанияларға халықаралық нарықтарда қаржыландыру алу мүмкіндігін ұсыну, сонымен қатар АІХ-те листинг өткізуде қолдау көрсету.
Бұл мақсаттарға жету үшін АІХ Бағдарлама құжаттарында (VII. Қаржыландыру шарттары бөлімін қараңыз) көрсетілген және юниорлық компанияларды халықаралық нарықтарда қаржыландыру алуға дайындауға қажетті шығыстар құнының 80%-ын жабу үшін қайтарымдылық және мерзімділік шарттарымен борыштық қаржыландыру ұсынады. Бағдарламаға қатысқысы келетін юниорлық компаниялар Бағдарлама құжаттарында көрсетілген шығыстардың кемінде 20%-ын, сонымен қатар листинг үшін қажетті өзге де шығыстарды жабуға дайын болулары тиіс.
Осы Бағдарлама шеңберінде жабылатын шығындарға Құзыретті Тұлғаның Есебін (JORC немесе NI 43-101) дайындау, заңгерлік тексеріс, сонымен қатар 2 жылғы қаржылық есептіліктің аудитін жүргізу кіреді.
Брокердің сыйақысы мен көлік шығыстарын қоса алғанда, қаражат тартумен байланысты басқа шығыстар бұл Бағдарламамен жабылмайды.
Қажетті құжаттарды дайындағаннан кейін, Биржа юниорлық компанияларға компанияларды қаржыландырудың мақсаттық раундтарын аяқтау үшін әлемдік қаржы орталықтарында – Лондонда, Торонтода, Нью-Йоркте – роуд шоу өткіуде қолдау көрсетуге әзір.
Қаржыландырудың сәтті аяқталуы Қазақстан мен Орталық Азиядағы юниорлық тау-кен өндіру компанияларын қорландырудың балама жолдарын дамытудағы айтулы оқиға болады.
Үміткер компанияларға қойылатын минималды талаптар
Қатысуға өтінім беру үшін үміткер компаниялардың мына құжаттары бар болуы тиіс:
Жер қойнауын пайдалануға берілген лицензия, жер қойнауын пайдалану құқығы, сонымен қатар жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер қандай да бір ауыртпалықтардан немесе үшінші тұлғалардың талаптануынан бос болуы тиіс.
Үміткер компания АІХ листингіне кіру үшін кедергі болуы мүмкін қандай да бір сотқа дейінгі, сот және/немесе төрелік іс қарауларға тартылмаған болуы тиіс. Сонымен қатар үміткер компанияның АІХ листингіне кіргісі келуі қандай да бір шарттардың, шектеулердің және/немесе мемлекеттік органдар мен ұйымдардың нормативтік актілерінің талапшарттарымен шектелген болмауы тиіс.
Біз мыс, алтын, марганец, хром, ванадий, қалайы, қорғасын, күміс, мырыш, темір рудасы, боксит, сонымен қатар сирек кездесетін металдар барлауға және/немесе өндіруге лицензиялары бар үміткер компанияларды ерекше қуана күтеміз.
Үміткерлер олардың басшыларының компанияны геологиялық барлау/өндіру мақсаттарына жеткізуге табысты бастай білу қабілетін көрсетуі тиіс. Басшылық геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу процесін айқын түсінуі тиіс немесе егер компания өндірісті бастауға дайындық кезеңінде тұрса – басшылық қатты пайдалы қазбаларды алу технологиясының өміршеңдігі мен экономикалық мақсатқа сәйкестігін дәлелдеуі тиіс болады.
Өтінім беру процесі
Іріктеу комиссиясы
Үміткер компанияларды іріктеу процесінің айқындығын қамтамасыз ету үшін АІХ Іріктеу комиссиясын құрды. Комиссияның құрамына мына ұйымдардың өкілдері кіреді:
Жоғарыда көрсетілген ұйымдардың өкілдері АІХ Қағидаларына сәйкес листингке кіргізу талаптарына анағұрлым жауап беретін үміткер компанияларды бірлесіп іріктеумен айналысады. Бағдарламаға қатысатын үміткерлерді іріктеген кезде, мына факторларға ерекше назар аударылады:
Іріктеу Комиссиясының отырысы өтетін күн
Іріктеу комиссиясы 2022 жылдың 1 тоқсанында бірнеше отырыс өткізеді. Бұл отырыстарда Іріктеу комиссиясының мүшелері үміткерлердің өтінімдерін мұқият қарайды. Іріктеу комиссиясының түпкілікті отырысы да 2022 жылдың 1 тоқсанында өтеді.
Барлығы 5 компанияға дейін іріктеліп алынады. Бағдарламаға қатысу үшін іріктелген компаниялардың саны қатысуға берілген бастапқыдағы өтінімдердің санына, сол сияқты үміткер компаниялардың Бағдарламаға қатысу мүмкіндіктерін шектеуі немесе шектемеуі мүмкін басқа да факторларға және қаржыладырудың бірінші раундының сәтті аяқталуына байланысты болады.
Қатысу үшін іріктеліп алынған компанияларға хабарлау. Бағдарламалық Келісімдер.
Іріктеу комиссиясының отырысынан кейін табысты үміткер компаниялар 2022 жылдың 1 тоқсаны ішінде жазбаша хабарлама алады. Біз Бағдарламаға қатысуға өтінім берген үміткер компаниялардың барлығымен байланысамыз. Біз юниорлық тау-кен өндіру компанияларының барынша көп саны қатысуына мүмкіндік бере отырып, Бағдарламаны жыл бойы негізінде жұмыс істейтін тұрақты етуді көздеп отырмыз. Бағдарламаның ұйымдастырушысы үміткер компанияларды іріктеп алудың себептері мен критерийлерін түсіндірмеу құқығын өзіне қалдырады
Егер Бағдарламаға қатысу үшін таңдалған үміткер компания Қаржыландыру шарттарымен (төменнен қараңыз) келісетінін білдірсе, онда компания Бағдарламада белгіленген мерзім ішінде Astana International Exchange-бен Бағдарламалық Келісімдерге қол қояды.
Қаржыландыру шарттары
Бағдарламалық Келісімдердің шарттарына сәйкес, Astana International Exchange төменде көрсетілген, үміткер компанияның халықаралық капитал нарықтарында қаржыландырылуы үшін қажет шығыстар құнының 80%-ын жабуға ақша қаражатын қарызға береді. Қарыз пайызсыз болып табылады және қайтарымдылық, мерзімділік және компания мен оның қатысушылары ұсынатын қамтамасыз ету құжаттары шарттарымен ұсынылады.
Осы Бағдарлама шеңберінде жабылатын шығыстарға мыналар кіреді:
Сыртқы қаржыландыруды ұйымдастырумен байланысты басқа да шығындар – мысалы, брокердің қызметтері, жабылмайды.
Бағдарламаға қатысу үшін іріктеліп алынған үміткер компаниялар AIX-пен Қарыз туралы келісімге, сонымен қатар өзге де Бағдарламалық Келісімдерге қол қоюға міндетті.
Бағдарламаның ұйымдастырушысы үміткер компанияларды қаржыландыруға дайындау шығындарын алдын ала бағалауды жеке негізде жүргізеді.
Бағдарламалық Келісімдер, сонымен қатар осы Келісімнен немесе оны жасасудан туындайтын және/немесе онымен немесе оны жасасумен байланысты барлық даулар, келіспеушіліктер, іс қараулар немесе кез келген сипаттағы талаптар (Келісімге қатысы жоқ кез келген келіспеушіліктерді қоса) АХҚО құқығына сәйкес реттеледі.
Белгілі бір шығындар жұмсалып қойылған, бірақ үміткер компания АІХ листингіне кіру процесін аяқтамаған сәтте үміткер компания Бағдарламадан шығу шешімін қабылдаған жағдайда, Биржа барлық көтерген шығындарын кідіріссіз өтеуді талап ету құқығын өзіне қалдырады.
Қаржыландырудың бірінші раундын сәтті аяқтаған үміткер компания АІХ көтерген шығындардың 50%-ын бірінші раунд аяқталысымен бірден төлеуге міндеттенеді.
Борыштың қалған 50%-ы қаржыландырудың бірінші раунды аяқталған күннен кейін 24 айдың ішінде Astana International Exchange пайдасына өтелуі тиіс.
Біз бұл Бағдарлама Қазақстандағы юниорлық тау-кен өндіру компаниялары секторын дамытуға қосылған елеулі үлес болады деп санаймыз.